«Алтын диск» кімде бар?

«Алтын диск» атты музыкалық сыйлықты алу үшін музыканттарға қандай талап қойылады? Бізде «Алтын диск» иелері бар ма?

Рүстем РАХИМОВ, Семей қаласы

«Алтын диск» – музыкалық альбомға берілетін мәртебе. Аталмыш мәртебе музыканттың ән жинағының көшірмелерінің қаншалықты көп мөлшерде сатылғанына қарай анықталады. Әр елдің музыканттарының сатылған дискілерінің саны өз еліндегі халықтың санына қарай орайластырылады. Мысалы, АҚШ-та – 500 мың дана диск, Ұлыбританияда – 100 мың дана, Ресейде 50 мың дана көлемінде ән жинақтарының көшірмелері сатылған музыканттар «Алтын диск» мәртебесіне ие болады. Сондай-ақ музыкалық ән жинағына берілетін мәртебенің «Платиналы диск», «Бриллиант диск» деген де аталымдары бар. Бұл мәртебелер де әр елдегі диск көшірмелері санының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Айталық, ән жинақтарының АҚШ-та – 1 млн дана, Ұлыбританияда – 300 мың дана, Украина, Польша, Италия, Испания, Ресейде 100 дана көшірмесі сатылған әншілердің альбомдарына «Платиналы диск» мәртебесі беріледі. Ал әзірге қазақ әншілері үшін «Алтын дискінің» ауылы алыстау болып тұр. Қазақстанда көп болса бір әншінің 1000-1500 дана дискісінің көшірмесі сатылады. Отандық эстрадамызда ән жинақтарының сатылымы жағынан Батырхан Шүкенов пен Асылбек Еңсепов көш бастап тұр. Аталған әншілер альбомдарының көшірмелерінің осы уақытқа дейін ең көп сатылғаны 2000 дана екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста