Мен мектеп мұғалімі болып жұмыс істеймін. Өз қызметіме 2012 жылдың 12 қаңтарында қабылданған болатынмын. Шілде айында еңбек демалысына шығуға құқығым бар ма? Бар болса, қанша күнге?
Айман, Қызылорда қаласы
Бұл мәселе білім ошағының басшылығы тарапынан шешілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша, азаматтың жыл сайынғы еңбек демалысы басшылық пен қызметкер арасында өзара келісім арқылы жүзеге асады. Екіжақты келісім бойынша қызметкер еңбек демалысына жылдың кез келген мерзімінде шыға алады.