Алматы үлкен әрі көп ұлтты қала ғой. Оңтүстік астанада бүгінде қанша қазақ мектебі бар? Қазақша оқитын балалар қанша?
Жадыра Иманбаева, Алматы қаласы
Алматы қаласы әкімдігі мамандарының мәліметінше, Тәуелсіздік жылдарында қалада қазақ мектептерінің саны артты. 90-жылдары мұндай мектептердің саны небәрі жетеу болған, ал қазіргі мезгілде қазақ мектептері 50-ге көбейіп отыр. 2015 жылға қарай мемлекеттік тілдегі орта білім шаңырақтары 64-ке жетпек. Қазақ тілінде білім алып жатқан оқушылардың қатары – 70 мыңдай. Олардың арасында 1500-і – өзге ұлт өкілдерінің балалары. Кәсіптік лицейлер мен колледждерде қазақша білім алатын 31 мың жас бар. Ал қазақ тіліндегі балабақшаларға 20 мың сәби барады. Алматы қаласында барлығы 561 білім беру мекемесі болса, оның 40-тан астамы егемендіктің 20 жылы ішінде ашылған.
Алматыдағы қазақ мектептерінің саны қанша?
Последние статьи автора