Алматыда неше спорттық мектеп бар?
Алматыда неше спорттық мектеп бар және олар барлық спорт түрлерін қамти ма?
Сара АМАНЖОЛҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Спорттық мектептердің өздері бірнешеге бөлінеді. Мысалы, Алматыдағы спорттық мектептердің түрлері мен саны төмендегідей:
• балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (ДЮСШ) – 10;
• балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервті мамандандырылған спорт мектебі (СДЮШОР) – 8;
• балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған кешенді спорттық техникалық мектебі (СК ДЮСТШ) – 1;
• спортқа дарынды балалардың мамандандырылған мектеп-интернаты (СШИОСД) – 1;
• мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебі (СШВСМ) – 1.
2009 жылдың қорытындысы бойынша Алматыдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің жалпы құрамы (контингенті) 11 мың адамнан асып түсті. Спорттық мектептерде 689 жаттықтырушы-ұстаз еңбек етеді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған қатардағы мектептерде (ДЮСШ, СДЮШОР және СК ДЮСТШ) спорттың 63 түрі қамтылған. Олардың 42-сі – Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енетін спорт түрлері. Сондай-ақ олардың құрамында ұлттық спорт түрлері де бар. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, қазақша күрес және ұлттық ат спорты түрлері.