Алматы қаласының тарихы мен басшылары жайлы білгім келеді.
Ермек, Алматы қаласы
Тарихи деректерге сүйенсек, Алматы қаласы орта ғасырларда пайда болған. Жібек жолының бойындағы Алматыдағы ірі сауда мекендерін ХІІІ ғасырда Шыңғысхан жасақтары талқандаған. 1854 жылы ескі қаланың орнына Верный бекінісі салынып, қаланың атауы Верный деп өзгертілген. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып аталды. Тәуелсіздік алғаннан кейін қалаға тарихи атауы қайтадан берілді. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы Қазақстан астанасы болды. Ал енді қаланы басқарған азаматтарға келсек, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі басшылардың көбі белгісіз. Сондықтан да белгілілерін ғана мысал келтірейік. Олар: Х.Б.Байұзақов (1940-1941), М.Абдықалықов (1941-1942), С.Шәріпов (1942-1943), П.Г.Орехов (1943-1944), К.А.Милованов (1944-1947), Х.Х.Айбасов (1947-1950), Р.Іляшев (1950—1952), И.Ш.Шәріпов (1950-1954), Ф.А.Мамонов (1954-1956), А.А.Әділов (1956-1960), Е.Д.Дүйсенов (1960-1975), К.М.Аухадиев (1975-1978), А.Х.Жақыпов (1978-1980), А.Ж.Койчуманов (1981-1983), А.А.Құлыбаев (1983-1985), З.Қ.Нұрқаділов (1985-1994), Ш.Қ.Кұлмаханов (1994-1997), В.В.Храпунов (1997-2004), И.Н.Тасмағамбетов (2004-2008), А.С.Есімов (2008 жылдан бері).
Алматы қаласын кімдер басқарған?
Последние статьи автора