Мәдени шаралар ұйымдастырған кезде әріптестерім арасында Алматы қаласының елтаңбасын орналастыру жөнінде түрлі пікірталастар болып қалады. Әріптестерімнің кейбірі бұл елтаңбаның көлемі мемлекеттік елтаңбадан кіші болуы керек десе, кейбіреулері барлық елтаңбаның көлемі бірдей болуы керек дейді. Қайсысынікі дұрыс?
Нұрсая Демесінова, Алматы қаласы
Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылдың 22 қаңтарында қабылданған «Алматы қаласының елтаңбасы туралы» шешіміне сәйкес, түрлі елтаңбаларды бір уақытта орналастырған кезде Алматы қаласының елтаңбасы басқа елтаңбалардан төмен емес және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасынан жоғары емес етіп орнатылады, елтаңбалардың бір қатарға тақ сан бойынша бір уақытта орналастырылған кезде Алматы қаласының елтаңбасы ортасында орналасады, ал елтаңбалардың жұп сандарын орналастырған кезде, ол орта тұстың сол жағына орналасады. Бірнеше елтаңбаны бір уақытта орналастырылған кезде Алматы қаласы елтаңбасының көлемі өзгелерден кіші болмауы керек. Оңтүстік астана елтаңбасы жұмыс кабинеттерінде, мәжіліс залдарында, мемлекеттік органдардың және басқа мекемелердің маңдайшаларында иелерінің қалауы бойынша орналастырылады. Ол мемлекеттік органдардың көлік құралдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың басқаруындағы қалалық қоғамдық көліктерде немесе арнайы қызметтер көліктерін ресімдеуде де бейнеленуі мүмкін. Бұл елтаңбаны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мөрлер мен мөртабандар дайындау кезінде пайдалана алмайды.
Алматы елтаңбасын пайдалану тәртібі қалай?
Последние статьи автора