Мен алюминийден жасалған ыдыстарды көп қолданамын. Соңғы уақытта ыдыстарымның аздап тотыға бастағанын байқадым. Арнайы орындар оларды тазалау үшін қымбат ақы алады. Тотықтарды қолдан қалай кетіруге болады?
Тұрмысымызда кейде алюминийден жасалған бұйымдардың сыртынан күңгірт дақтарды байқап қаламыз. Бұл дақтар – алюминийдің тотығы. Бұл таттарды сіз қолдан тазарта аласыз. Ол үшін 30 грамм бура, 10 пайыздық 10 грамм нашатыр спиртінің бір литр судағы ерітіндісін араластырып, ыстық ерітінді дайындайсыз. Одан кейін ерітіндіге шүберекті малып, ыдыстың тотығын ысқылап сүртесіз. Соңынан бұйымдарды сумен жақсылап жуу қажет.