Күйеуіммен дәм-тұзымыз жараспай, ажырастым. Қазір екі балам бар. Балаларымның әкесі жұмыс істесе де, сот орындаушылары алиментті өндіріп ала алмай келеді. Бұл мәселені қалай шешуіме болады?
Жанар, Ақтау қаласы
Заңгерлердің айтуынша, мұндай кезде сот орындаушыларынан жасалған әрекеттері жайында ақпарат алуыңыз керек. Жазбаша түрде сот орындаушысынан борышкер туралы мәліметті алып, алиментті өндіруді талап етіңіз. Сот орындаушысының әрекетсіздігі жөнінде сот актілерін орындау жөніндегі департаментке, прокуратураға немесе сотқа шағымданыңыз. Борышкердің алиментті төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіңіз.
Алиментті өндіре алмаған жағдайда не істеу керек?
Последние статьи автора