Алғашқы ою-өрнектер қашан пайда болған?

Алғашқы ою-өрнектер қашан пайда болған?

Әжелеріміздің оюмен өрнектеп кесте тіккенін көріп өстік. Мен де ісмерлік өнерге қатты қызығамын. Осы ою-өрнек тарихы қай кезден бастау алады?
Сағира СЫДЫҒАЛИЕВА,
Жамбыл облысы
Сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді мекендеген адамдар өздерінің тірлігін сурет арқылы баяндап, үңгір қабырғаларына қашап салған екен. Бұл туралы археологиялық деректер мен ғылыми еңбектер жеткілікті. Одан бері келетін бол­сақ, б.д.д. V-ІІІ ғғ. сақ дәуіріндегі Пазырық қор­ған­дарынан табылған ою-өрнектер – қазіргі біздің ою-өрнектерден айна қатесі жоқ дүниелер. Сон­дықтан қазақ болып қалыптаспай тұрғанның өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі ою-өрнектің тілімен бірдей болып тұрғандығы қайран қалдырады. Соған қарап, бейнелеу өнерінің тарихы тіл өнері қалып­таспай тұрғаннан да бұрын басталғаны байқалады. Күні кеше Берел қорғанынан табылған зергерлік алтын бұйымдар қазақ халқының материалдық байлы­ғының негізі екендігінде дау жоқ. Ондағы аң стилімен жасалған бұйымдарға қарап, зергерлік өнердің тым ерте дамып, биік шеберлікке жеткендігіне ға­лым­дар қауымы көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ Жетісу, Шілікті жазығын­дағы обалардан табыл­ған Алтын адамдардың бойын­дағы әшекейлер тым биік талғам, асқан шеберлікпен орындалуы тіпті бүгінгі зергер­лердің қолынан келе бермейтіндей.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста