Орта білім беру мекемелеріндегі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғаліміне айлық жалақы қандай штаттық кестеге сәйкес төленеді?
Марат АЙДАРХАНОВ, Қарағанды облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мамандарының айтуынша, азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсанындағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1400 қаулысымен реттеледі.
Қаулыға 1-қосымша мен азаматтық қызметшілердің санаттар бойынша лауазымдарының тізіліміне сәйкес, барлық мамандықтағы мұғалімдерге (біліктілігі жоғары деңгейдегі маман) еңбекақы төлеу – G-9 санаты бойынша, біліктілігі орта деңгейдегі мамандарға G-11 санаты бойынша жүргізіледі.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғаліміне жалақы қалай төленеді?
Последние статьи автора