Әлеуметтік статус өзгергенмен, несие шарты өзгермейді
Әлеуметтік статусы өзгерген адамдарға банк несие беру шартын да өзгерте ме? Мәселен, мемлекеттік қызметкерліктен басқа қызметке ауыссам, банктің несие беру шарты қалай болмақ?
Егер менің жекешелендірілген жылжымайтын мүлікте үлесім болса, қайта қаржыландыруға өтініш білдіре аламын ба?
Қарпық ЫСҚАҚОВ, Ақмола облысы
Бұл сауалға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мамандары жауап береді:
– Жоқ. Банк қарыз алушыны ондай топқа тек әлеуметтік несиені алған кезде ғана жатқызады. Ал егер де азамат өзге жұмысқа ауысып кетсе, ол әлеуметтік несие алушылар қатарына енбейді.
Егер де несие алушының немесе оның отбасы мүшелерінің үлесі аз болған жағдайда (мәселен, ол ата-анасына тиесілі пәтердің 1/2-не ие болған жағдайда), ол адамның несиесін қайта қаржыландыруға болады.