Әлемде атақты спортшылар өте көп. Бірақ менің білгім келетіні, солардың ішіндегі ең танымалысы кім?
Дархан ТОҚМОЛДАЕВ, Алматы қаласы
Әр спорттың өз танымал тұлғасы болады. Мәселен, теннисші дегенде көз алдыңызға испандық Рафаэль Надаль мен швейцариялық Роджер Федерер келетіні анық. Ал «Формула-1» спортшысы десе есіңізге бірден Михаэль Шумахер түседі. Сол сияқты баскетболшы дегенде көпшілігіңіз Майкл Джорданды еске аласыз. Дегенмен бүгінде Джорданға қарағанда «Орландо Мэджик» клубының ойыншысы Дуайт Ховардтың танымалдылығы артып тұр-ау. Олай дейтініміз, ҰБЛ жұлдыздарының арасындағы матчқа ойыншылар таңдау нәтижесінде Ховард ең көп ұпай жинапты.
Ал жақында www.lalistawip.com порталы әлемнің ең танымал спортшыларының тізімін жариялады. Олар спортшыларды интернетте есімі ең көп аталғандары бойынша жіктеген көрінеді. Нәтижесінде, ағылшындық футболшы Дэвид Бекхэмнің есімі ғаламторда 42 202 836 рет аталғаны белгілі болды. Екінші орын – Криштиану Роналдудың (32,5 млн) еншісінде. Ал үшінші орынға теннисші Рафаэль Надаль (27,9 млн) іліккен болса, төртінші және бесінші орындар да футболшыларға тиесілі. Олар – бразилиялық майталман Рональдиньо мен есімі ғаламторда 20,1 млн. рет аталған Андрей Аршавин.
Әлемнің ең танымал спортшысы кім?
Последние статьи автора