Біздің Астанамыз әлемдегі ең жас астаналардың бірі екені белгілі. Әлемдегі соңғы жылдары астана болған қалалар туралы білгім келеді
Ақмұнар АҚБОЛАТҚЫЗЫ, Батыс Қазақстан облысы
Әрине, Қазақстанның елордасы – Астананың әлемдегі ең жас астана ретіндегі мәртебесі жоғалған жоқ. Дегенмен соңғы жылдары кейбір елдер өздерінің жаңа астаналарын бекітті. Сонымен әлемдегі астаналар шеруіне қысқаша тоқталып өтсек. Мәселен, 1960 жылы Бразилия елі өз астанасын Рио-де-Жанейродан Бразилия қаласына, Йемен мемлекеті 1962 жылы өз елордасын Таиз қаласынан Сана қаласына, Пәкстан 1967 жылы Равалпинди қаласынан Исламабад шаһарына, Белиз елі 1970 жылы Белиз қаласынан Бельмопан қаласына, Танзания мемлекеті 1993 жылы Дар-эс-Салам қаласынан Додома қаласына, Гвинея-Бисау 1974 жылы астанасын Боэден Бисауға, Малави 1974 жылы Зомбадан Лилонгвеге, Нигерия 1991 жылы Лагостан Абуджаға, Кот-д ивуар 1991 жылы Абиджаннан Ямусукроға, Германия 1990 жылы Боннан Берлинге, Қазақстан 1997 жылы астанасын Алматыдан Астанаға, Мьянма 2005 жылы Рангуннан Найпьидоға, ал Палау елі 2006 жылы астанасын Корор қаласынан Мелекеок қаласына көшірген екен.