Менің білгім келетіні, азаматтардың жас ерекшелігіне қарамай ауыл немесе қаланың әкімін сайлауға рұқсат беретін елдер бар ма?
Ержан, Алматы
АҚШ-тағы шағын бір қалашықтың әкімі – 4 жасар бала. Ол жақында екінші мерзімге қайта сайланды. Роберт Тафтс есімді бала басқаратын Дорсет қалашығы Минесота штатында орналасқан. Ауылдастары Бобби деп атайтын балақай өткен жексенбіде сайлауға қатысып, өз қызметін сақтап қалды. Ол бұл қызметке үш жасында сайланған болатын. Дегенмен бұл қалашықтың тұрғындары да көп емес, бар болғаны 30 шақты адам. Оның үстіне, елді мекеннің ресми статусы да жоқ. Қалашықтағы кейбір мәселелерді заңдастыру үшін тұрғындарға әкім керек болған екен. Мұндағы сайлаудың бір ерекшелігі тұрғындардың әрбірі бірнеше реттен дауыс бере алады. Бобби қызметіне қайта тағайындалғаннан кейін АҚШ-тың бірқатар телеарналарына сұхбат берді. Ол бос уақытында балмұздақ жеп, достарымен ойнағанды жақсы көретінін айтады. АҚШ-та шағын елді мекендердің әкімдерін сайлау мәселесінде түрлі жағдайлар орын алып тұрады. 2011 жылы Висконсин штатындағы Шарон қалашығы Фрэдди есімді мысықты әкім ретінде сайлаған болатын.
Әлемдегі ең жас әкім – төрт жаста
Последние статьи автора