Жер бетінде мұсылмандар көп пе, әлде христиандардың саны басым ба? Жалпы, ең ірі діни сенімдерді атап бере аласыздар ма?
Әлемдегі христиан сенімін ұстанатын адамдардың саны шамамен 1 млрд. Олардың 58 миллионы католиктер болса, 80 миллионнан астамы православ және басқа да шығыстық шіркеулер.
Ал католиктердің шамамен тең жартысы Америкада, 180 миллионы Еуропада, қалған 50 млн сенім иесі Азия және Африкада. Протестанттардың да басым бөлігі АҚШ-та (5/2), қалған 3/1 бөлігі Еуропада.
Жер бетіндегі мұсылмандардың саны шамамен 800 миллионды құрайды. Олардың 730 миллионы сунниттер болса, 10 пайызы (70 млн) шииттер. Индуизм дінін 520 млн адам ұстанады. Ал буддалардың саны 250 миллионнан асып жығылады. Конфуций ілімін 180 млн адам тұтынса, 90 млн синоистер бар. Ал даосистердің саны 30 миллионның айналасында. Осылайша, сенім иелерінің қатарында ең көбі – христиандар, келесі кезекте мұсылмандар және одан кейін индуизмды ұстанатындар тұр.