Әлемдегі 116 тіл мемлекеттік тіл мәртебесіне ие
Әлемде кең таралған тілдер мен дүниежүзінде қанша мемлекеттік тіл бар екені жайлы білгім келеді.
Армангүл КӨШЕРОВА, Семей
Әлемде кеңінен таралған тілдердің көш басында ағылшын тілі тұрғаны белгілі. Австралия, Багам аралдары, Ботсвана, Гамбия, Үндістан, Ирландия, Камерун (француз тілімен бірге), Канада (француз тілімен бірге), Нью-Брансуик, Нунавут, Юкон, Кения, Кирибати, Гонконг (қытай тілімен бірге), Нигерия, Жаңа Зеландия, Пәкістанның жартысы, Папуа – Жаңа Гвинея, Сингапур (малай, тамил және қытай тілдерімен бірге) және 50 шағын мемлекеттен тұратын АҚШ сияқты алпауыт мемлекеттің халқы ағылшын тілінде сөйлейді. Ал араб тілін 22 араб мемлекетімен қатар, Комор аралдарының халқы да қолданады. Испан тілінде Испаниядан өзге Латын Америкасының Аргентина, Боливия, Чили, Колумбия, Эквадор, Сальвадор, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай, Перу, Венесуэла, Уругвай елдері сөйлесе, Мексика мен Никарагуада испан тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Ал дүниежүзінде барлығы 116 мемлекеттік тіл бар. Соның ішінде қазақ тілі де бар.