Францияда жануарларға «Наполеон» есімін беруге тыйым салатын заң бар деп естимін. Бұл қандай заң? Әлемде басқа да тағы қандай қызықты, ерекше заңдар бар?
Ақылбек, Тараз қаласы
Дүниежүзінде адамның күлкісін келтіретін заңдар көп. Айталық, нидерландылықтар жол ережесіне қатысты басты нормативтік актінің мына бір тұсын ақымақтық деп санайды: «Егер адам автокөлікпен келе жатқанда алдынан жылқы немесе арба жегілген ат шықса, онда жүргізуші көліктен түсіп, жалаушамен жануарға көлік таяп қалғанын білдіруі керек». Ағылшындардың да анекдотқа айналған заңдары жетіп артылады. Мысалы, ел парламенті мүшелері қауымдар палатасына батырлық сауыт-сайманмен кіруге болмайды. «Наполеон кодексі» аталатын тарихи заңның кейбір баптарына француздар еріксіз езу тартады. Соның бірі – шошқаларға «Наполеон» есімін беруге тыйым салынатыны. Ең күлкілі заңдар Американың штаттары мен жекелеген қалаларында. Глейдел қаласында дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері қорқынышты фильмдерді насихаттау заңға қайшы. Солтүстік Каролинаның Барбер қаласында ит пен мысықты төбелестіруге болмайды. Ал Вирджиния штатында бұралқы ит аулаушылардың мысықтарды мазалауына жол берілмейді.
Әлемде талай қызық заң бар
Последние статьи автора