Әлемде қанша демократиялы мемлекет бар?
Дүниежүзінде қанша ел республика, қанша ел демократиялық мемлекет болып саналады?
Әлібек, Алматы облысы
Саясаттануда Парламенттің отаны Англия болатын болса, республиканың отаны Франция деген сөз бар. Б.Өтемісов, Қ.Қарабала деген авторлардың «Саясаттану» кітабына сүйенсек, дүниежүзінде 150-ден астам республикалар бар, 30-ға жуығы онституциялық монархия, шексіз монархия, теократтық діни республикалар болып қалыптасқан. ХХ ғасырдың басынан бастап республикаға өту кең орын алса, республикадан, керісінше, монархияға ауысушылық болған жоқ. Соңғы кездегі монархиядан және тоталитаризмнен республикаға өткен мемлекеттер Ливия (1969 ж.), бұрынғы КСРО-ның республикалары мен Шығыс Еуропа елдері (1989-1991жж) және Непал (2008 ж.) болды. Ал қазір дүниежүзіндегі мемлекеттердің қаншасын демократиялық мемлекет деп есептеуге болады? Ол 70 мемлекеттей ғана, үштің бірі. Демократияның даму тарихына қорытынды жасайтын болсақ, бүгінгі күні ол негізгі екі жетістікке жетті: біріншісі, әлемдегі барлық мемлекеттердің үштен бірінің демократиялық болуы, екіншісі – 150-ден астам мемлекеттерде республиканың орнығуы.