Әлем азаматы атанғың келсе...
Кейбір атақты адамдар өздерін дәріптеп, «әлем азаматымын» деп мәлімдеме жасайтын болды. Шынымен де, құжат жүзінде әлем азаматы атануға бола ма?
Мәлік Тойбаев, Алматы облысы
Сіз сұрап отырғандай, кәдімгі «әлем азаматы» деген құжат дайындап беретін әлемдік ұйым бар екен. 1953 жылы АҚШ-та құрылған World Service Authority (WSA) ұйымы «әлем азаматы» төлқұжатын арзан бағаға дайындайды. Кеңселері Вашингтон және Шанхай қалаларында орын тепкен бұл ұйымды Бродвей театрының бұрынғы әртісі, пилот-бомбалаушы Гарри Дэвис құрыпты. Ол 1948 жылы АҚШ азаматтығынан бас тартып, өзін «әлем азаматы» деп жариялапты. 2008 жылғы дерек бойынша, бұл алты мемлекет: Буркино Фасо, Эквадор, Танзания, Мваритания, Того және Замбия мойындаған. Әлем азаматтығын беретін бұл ұйымның ресми сайты: http://www.worldgovernment.org/