«Алаш айнасының» ақпарат кеңістігіндегі орнын қалай бағалайсыз?


Серік МАЛЕЕВ, «Алтын Орда» интернет-газетінің бас редакторы:
– Қазақтілді га­зеттердің көбі оқыр­­манға қы­зық­сыз тақы­рыптарды жазып, сол се­бепті оқылмайтын деңгейге жетеді. Ал «Алаш айнасы» – ең жақсы оқылатын ба­сы­лым. Оқи­ға­лар­ға өте жедел үн қа­тады, оларға дәлме-дәл ба­ғасын бере бі­леді. Жур­налистердің кәсіби деңгейінің жо­ға­рылығын ерек­ше атап өткім келеді. Ұжым­да жас жур­налистер көп, бі­рақ жас­тығына қарамастан, олар өте жақсы жа­­зады. Кәсіби дең­гей дегенде, жур­на­лис­тердің ғана емес, кор­рек­тор­лардың, бет қат­таушылардың, дизайнерлердің еңбегін ай­туға болады, яғни жақсы безендіріледі, фо­тосуреттердің сұ­рыпталуы жақсы. Осы­ның бәрі газеттің рес­публикалық ба­сылым мәр­тебесіне сай келетінін аңғартады. Бұл – ба­сы­лым­ның бас редакторы жұмысын кәсіби дең­гейде жүргізіп отыр деген сөз. «Алаш айнасының» ең басты артықшылығы – тә­уелсіз елді дамыту форматында жұмыс іс­теуі. Газеттің бұл идео­логиясы, меніңше, өте дұрыс.


Артур НЫҒМЕТОВ, публицист, саясаттанушы:
– «Алаш айна­сы» қазіргі кез­де қа­­зақ бас­пасөзі ара­­­сында ең бе­­дел­­ді, абыройлы ба­сылым­дар­дың бі­рі болып тұр. Өзім бұл га­зеттің тұ­рақты оқыр­ма­ны­мын. Қа­шанда халықтың жоғын жоқ­тап, жырын жырлап жүрген «Алаш айнасы» ғұ­­мырлы бол­сын! Қоғамның ең бір көкейкесті мә­селелерін ортаға салып жүрген соң газеттің бағы­ты­на ри­з­амын. Га­зеттің ең басты ерек­­шелігі – ал­ғаш­қы санынан соң­­ғы санына де­йін ұлт­тық мүд­де­ні қорғауы, оның ұлттық сипатта бо­­луы. Ба­сы­лым халықтың сүйіс­пен­­шілігіне ие болып отыр.


Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ, ақын, журналист, Ақтөбе облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы:
– Қазақ журна­лис­тикасына әр­түр­лі ба­ғыт­тағы га­зет­тер өте көп қа­жет. Себебі біз­дің ақпараттық ке­ңіс­тікте орыстілді бас­ы­лым­­дардың экс­пансиясы бар. Өзі­мізде шы­ғатын орыстілді газеттер жан-жақты ба­ғытта. Сондықтан сан алуан ау­ди­то­рияны қам­­титын басылымдардың кө­бей­гені ке­рек. Бұрын бізде «Егемен Қа­зақстаннан» бас­­қа қазақтың күнделікті га­зеті болған жоқ, бертінде «Айқын» мен «Алаш ай­на­сы» шықты. Соның ішінде «Алаш айнасы» рес­миден басқа, түрлі та­қы­рыптарға еркін ба­рады. Бұған қоса, ма­ған бұл газеттің же­дел­дігі ұнайды. Тағы бір ерек­шелігі – әр­та­рап­тылығы: қоғамда бо­лып жатқан жағ­дай­ларға біржақты қа­рамайды.


Ғабит МҮСІРЕП, «Нұр Астана» республикалық  жастар апталығының бас редакторы, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты:
– Басылымның өзіндік бет-бейнесі бар. Шын мәніндегі Алаш­тың айнасына  ай­­­налған мазмұны жоғары  газет. Ашы­ғын айтсам, кейде газет журналис­терінің ұлан-ға­йыр еңбегінің  Алаш жұртының басым бө­лігіне дерлік жетпей жатқаны қи­­нал­та­ды. Ба­сылым бетіндегі  журна­лис­тердің ты­­н­ымсыз еңбегінің арқасында дүниеге кел­­ген туындыны 150  000 от­басы оқы­ған­да ғой, қоғамдағы ой да те­зі­рек өз­ге­рер ме еді деген тілектің үс­тін­де­­мін.  «Алаш ай­на­сының» Алаш бас­­­па­сөзінің көш­басшысына ай­налуына мың тілек­тес­пін. 1000-шы нөмір мил­лион­дарға ұлас­сын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста