Бізде «айқұлақ» деген ежелден келе жатқан ойын бар деп естимін. Осының анық-қанығын жазсаңыздар екен?
Талапкер Иманбек, Өскемен қаласы
«Айқұлақ» – ұлттық ойын. Көбінесе көктем, жаз айларында ойналады. «Айқұлақ» ойнау үшін кешқұрым ел аяғы басылған соң, ауыл балалары жиналып, орталарынан үш баланы шығарады. Олардың бірі – қасқыр, бірі – қойшы, бірі ит болады. Қасқыр болатын баланың екі шекесіне екі тақияны тікірейтіп, орамалмен маңдайын байлап, арқасына киім кешек тығып томпайтады. Қасқыр кейпіне келтірген соң балаларға жуытпай анадай бір бұтаның тасасына жасырады. Қойшы болатын баланың үстіне жыртық шапан, басына жаман бөрік кигізіп, қолына таяқ ұстатып, ит болатын баланы қасына ертіп, қойдың қасына жатқызады. Қалған балалар қой болады. Біраздан соң қойлар дүр етіп үркеді, сол уақытта ит абалап, қасқырмен арпалыса жөнеледі. Қойшы итін айтақтап, қойларын қорғаумен жүреді. Осылайша, ұлан-асыр шудың арасында қасқырға ұтымды қадамдар жасауға тура келеді. Қасқыр қойға қайта-қайта шауып, оларды бір-бірлеп сүйреп кетіп, бәрін шеңберден шығарып, тауысады. Осылайша, ойын аяқталып, келесі ойын осы тәртіппен қайта жалғасады.
«Айқұлақ» қандай ойын?
Последние статьи автора