«Айқұлақ» қандай ойын?

«Айқұлақ» қандай ойын?

Бізде «айқұлақ» деген ежелден келе жатқан ойын бар деп естимін. Осының анық-қанығын жазсаңыздар екен?
Талапкер Иманбек,
Өскемен қаласы
«Айқұлақ» – ұлттық ойын. Көбінесе көк­тем, жаз айларында ойналады. «Айқұлақ» ойнау үшін кешқұрым ел аяғы басылған соң, ауыл балалары жиналып, орталары­нан үш баланы шығарады. Олардың бірі – қасқыр, бірі – қойшы, бірі ит болады. Қас­қыр болатын баланың екі шекесіне екі та­қия­ны тікірейтіп, орамалмен маңдайын байлап, арқасына киім кешек тығып том­пай­тады. Қасқыр кейпіне келтірген соң ба­лаларға жуытпай анадай бір бұтаның таса­сына жасырады. Қойшы болатын ба­ланың үстіне жыртық шапан, басына жаман бөрік кигізіп, қолына таяқ ұстатып, ит болатын ба­ла­ны қасына ертіп, қойдың қасына жатқы­зады. Қалған балалар қой болады. Біраздан соң қойлар дүр етіп үр­кеді, сол уақытта ит абалап, қасқырмен арпалыса жөнеледі. Қойшы итін айтақтап, қойларын қорғаумен жүреді. Осылайша, ұлан-асыр шудың ара­сында қасқырға ұтым­ды қадамдар жасауға тура келеді. Қас­қыр қойға қайта-қайта ша­уып, оларды бір-бірлеп сүйреп кетіп, бәрін шең­берден шығарып, тауысады. Осылайша, ойын аяқ­талып, келесі ойын осы тәртіппен қайта жалғасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста