Жалпы, саясатта әр құрлықтағы аймақтық державаларды қалай анықтайды? Қай елдер аймақтық держава болып саналады?
Марлен, Алматы облысы
Аймақтық державаның өзі орналасқан өңірде идеологиялық ықпалы, әскери, экономикалық, демографиялық, саяси мүмкіндіктері, интеграциялық күші, халықаралық қатынастарда аймақ атынан үні, геосаяси салмағы болады. Сонымен Таяу Шығыста Израиль, Иран, Сауд Арабиясы, Түркия аймақтық держава болып табылады. Сол сияқты Шығыс Азияда – Қытай (супердержава), Жапония, Оңтүстік Корея; Оңтүстік Азияда – Үндістан, Пәкістан; Оңтүстік-Шығыс Азияда – Индонезия; Орталық Азияда – Қазақстан, Өзбекстан; Англо-Америкада – АҚШ (супердержава), Канада; Латын Америкасында – Бразилия, Мексика; Солтүстік Африкада – Мысыр; Батыс және Орталық Африкада – Нигерия; Оңтүстік Африкада – ОАР; Батыс Еуропада – Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Франция; Шығыс Еуропада – Ресей (супердержава), Украина; Океанияда Австралия аймақтық держава ретінде танылған.
Аймақтық державаларды қалай анықтайды?
Последние статьи автора