«Айман-Шолпан» бірінші
Бүгінде 75 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Алматыда орналасқан Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Опера және балет театрында тұңғыш рет қандай спектакль сахналанған. Жалпы, осы театр туралы аз-кем мағлұмат берсеңіздер.
Сәния Мейрамбекова, Ақтөбе қаласы
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық Опера және балет театры 1934 жылы 13 қаңтарда Мұхтар Әуезовтің либреттосы «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Театрдың ең бірінші композиторы Е.Г. Брусиловский болды. Театр 1941 жылы Академиялық деген құрметті атаққа ие болды. Қазіргі Абай атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік академиялық Опера және балет театры Қазақстан музыкалық өнерінің бастаушысы әрі Еуразия кеңістігінде ірі театрлардың бірі болып келеді. Театрдың шығармашылық ұжымы опера және балет труппаларынан, хор және симфониялық оркестрден тұрады. Шығармашылық процестің қызмет етуі үшін театрдың түрлі техникалық және өндірістік цехтары бар. Ол батыс-еуропалық, орыс, қазақстандық композиторлардың 40-тан астам опералық және 20-ға жуық балет қойылымдарынан, сондай-ақ балалар ман жасөспірімдерге арналған туындылардан тұрады. Қазақ опера және балет театры сахнасының шеберлері Франция, Германия, Италия, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ сияқты көптеген елдерде мойындалған.