Әйгілі өлеңдегі күркіреп жатқан қай өзен?

Әйгілі өлеңдегі күркіреп жатқан қай өзен?

Абайдың қазақ жерінің әсем табиғатын паш ететін «Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда» деген өлең жолдары еліміздің қай өңіріне арналған?
Назым Ідірісова,
Алматы қаласы
1995 жылы жарық көрген «Абай» энцикло­педиясының мәліметінше, ұлы ақынның 1886 жылы жазылған «Жаздыгүн шілде болғанда...» немесе «Жаз» өлеңі Ботақан ошағы, Бақанас, Байқоңыр өзендерінің бойындағы қазақ жай­лауларын суреттейді. Жаңа қонысқа, жазғы мекенге көшіп келіп, қым-қуыт тірлігіне жан біті­ріп жатқан қазақ ауылының көрінісін, бар қимыл-әрекетті ақын өлең тілінің бар кереметін пайдалана отырып, айшықты бейнелейді. Бұл шығарма қазақ поэзиясындағы жазғы табиғат суретінің ең биік үлгісі болып қалды. Абайтану­шылар өлеңнен Шыңғыс тауының солтүстігінен шығысқа қарай ағып жатқан Ботақан ошағы өзені мен оның бойындағы жайлауды таниды. «Абай жолында» бұл жайлауға Құнанбай ауы­лының көбірек орнығып отыратыны және мұн­да Абай мен Ділдәнің үйленгені айтылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста