Газеттің бұрынғы сандарында апатридтер ұғымына анықтама бердіңіздер. Сол апатридтер кімдер болды?
Жанболат Есемжанов, Алматы облысы
Апатридтер – [грек, apatris (apatridos) – отансыз] – әлемнің ешбір елінің азаматтығы жоқ адамдар. Апатридтерді кейде алидтер деп те атайды. Апатридтер дәрежесі жекелеген адамдардың бір мемлекеттің азаматтығынан шығып немесе шығарылып, келесі бір мемлекеттің азаматтығын алып үлгермеген уақытта беріледі. Апатридтер өздері тұрып жатқан мемлекеттің заңдарына бағынады. Олар басқа бір мемлекеттің қамқорлығында болмайды. Олардың құқықтық мүмкіншіліктері шектелген. Мысалы, оларда сайлау құқы жоқ. Әйгілі апатридтердің қатарында Альберт Эйнштейн, Анна Франк, Карл Маркс, Мартина Навратилова, Александр Арангелович, Даниель Кон-Бендит, Эмиль Чоран, Иван Бунин, Джидду Кришнамурти, Гад Лернер, Фридрих Ницше, Иштван Ньерш, Эли Визель секілді адамдар бар.
Әйгілі апатридтер кімдер?
Последние статьи автора