Әйелі мен күйеуімен қарым-қаынаста сақ болуы тиіс 6 қағида

1. Күйеуін ашуландыру.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі түрлі адамның құлшылығы құлағынан жоғары көтерілмейтінін айтқан. Соның бірі – күйеуінің разылығын алмай, оны ашуландырған күйде ұйықтаған әйел.

2. Күйеуінің уайымға салынып, қайғыруына себеп болу.
Имам Ахмад жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Әйел адам бұл дүниеде күйеуіне тыныштық бермей, оған уайым сыйлайтын болса, онда жәннаттағы хор қыздары оған "оны азаптама, ол көп ұзамай сені тастап, біздің қасымызға келетін сенің уақытша ғана қонағың ғой" деп айтады», - деген. (Ахмад) Расында да, жұмыстан келгенде ананы-мынаны айтып, күйеуінің мазасын алмайтын, тамағын жасап, қабағын бағып, ата-енесімен тату тұратын әйелге ер адам қалай ғашық болмасын?!

3. Күйеуінің жақсылықтарына шүкірсіздік таныту. Кейде біз үнемі жақсылық жасап жүрген бір адамның кенет бізге бір зиян тигізгенін көрсек, оның бұған дейін жасаған барлық жақсылықтарын есімізден шығарып аламыз. Оның қадірі, оған деген сүйіспеншілігіміз сол сәтте-ақ құлдырап сала береді. Ал бұл сипат әйелдің шүкірсіздігіне, қанағатсыздығына алып келеді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Мен сенен ешқашан жақсылық көрген жоқпын» дейтін әйелдерге ескерту жасап, бұл мінездің түбі жақсылыққа апармайтынын айтқан.

4. Қазақта «Жаман әйел кетем деп қорқытады» деген әзілі мен зілі аралас тамаша сөз бар. Отбасы екі тараптың өзара ризашылығынан, махаббатынан құралатындықтан, ешқандай себепсіз әйел адамның күйеуінен еркіндік сұрауына рұқсат етілмейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Себепсізден-себепсіз ажырасуды ниет еткен әйел Жәннаттың исін де сезбейді», - деген. (Тирмизи)

5. Әйел адам Рамазан айының оразасынан бөлек қосымша (нәпіл) ораза ұстағысы келсе, күйеуінің рұқсатын алуы керек және үйіне қонақ шақырар кезде жарымен ақылдасып, оның разылығын алуға тырысқаны жөн.

6. Әйел адам өзін ерінің ар-намысы, абыройы екенін сезініп, оның ашуын тудыратын кез-келген ағат қылықтардан барынша сақтанып жүргені абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста