Айдаһарға ғылыми атау берген кім?
«Динозавр» деген атау қайдан шыққан? Жүз миллиондаған жыл бұрын мекен еткен алып жануарлардың атауы бұрыннан болған ба, әлде кейін, біздің дәуіріміздегі ғалымдар қойған ба?
Шоқан СЕМБЕКҰЛЫ, Атырау қаласы
Ежелгі алып сүтқоректілердің сүйегі көне дәуірлерден ХIX ғасырларға дейін де табылған. Бірақ алып кесірткелер мен айдаһарлардікі саналған қаңқалар зерттелмеген. 1824 жылы Корольдік геологиялық қоғам ғалымдары содан тоғыз жыл бұрын алып жыртқыш кесірткенің қаңқасын тапқанын жария етті. Ғалымдар бұл жануарға «мегалозавр» деген атау берді. Осыдан кейін ежелгі сүтқоректі жыртқыштарды зерттеу басталды. 1842 жылы «динозавр» деген терминді ағылшын биологы Ричард Оуэн енгізді. Атау гректің δεινός (deinos – қорқынышты, сұмдық) және σαῦρος (sauros – кесіртке) деген сөздерінен тұрады.