Айбергенов ән байқауының шарты қандай?

Елімізде қазақтың көрнекті ақыны Төлеген Айбергенов шығармашы­лығына арналған «Бір тойым бар» деп аталатын ән байқауы өткізілмек екен. Осы ән байқауының талап-шарттары қандай?
Бексұлтан Орынтай,
Қызылорда облысы
Сазгерлер арасындағы бұл байқау Т.Айбергенов өлеңдеріне жазылған әндер мен  ақынға арнап жазылған арнау әндер аталымдары бойынша өткізіледі. Ән байқауына кәсіпқой және әуесқой сазгер­лер  қатыса алады. Олар­дың жас мөлшері шектелмейді. Ұсыны­латын әндер бұрын-соңды орындал­маған және жарияланба­ған жаңа шығарма болуы тиіс. Әндер кез келген жанрда қабылданады. Авторлар екі аталымға да бір немесе бірнеше шығар­ма жіберуіне болады. Үміткер өз туын­ды­сын   CD + (дауыспен), CD – (дауыс­сыз) жазыл­ған түрін, бұған қоса екі дана әннің нота­сын, екі дана мәтінін (басылымын көрсетіп) 15 тамызға дейін «Айбергенов әлемі» журналының ре­дак­­ция­сына жолдауы керек. Жеңім­паз атан­ған шығармалардың орын­даушы­лары туындыларын Т.Айбер­геновтің 75 жылды­ғына арналған «Бір тойым бар» деген шарада орындай­ды.
Онда бірінші аталым бойынша бас жүл­­деге – 500 мың,  бірінші орынға – 300 мың,  екінші орынға – 200 мың, үшінші орынға – 100 мың теңге. Екінші аталым бойынша бірінші орынға – 300 мың, екін­ші  орынға – 200 мың, үшінші  орынға 100 мың теңге жүлде тағайын­да­­лып отыр.
Ұйымдастырушылар сондай-ақ  Т.Ай­бер­генов өлеңдерін мәнерлеп оқу бойын­ша да мектеп оқушылары ара­сын­да бай­қау жариялап отыр.   Онда бірін­ші орынға – ноутбук, екінші  орын­ға – теледидар, үшін­ші орынға – ұялы телефон және ынталан­дыру жүлдесіне DVD, MP3-player, флешка тағы басқа сыйлықтар берілмек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста