Кеше әлеуметтік желілерде аязға байланысты Астананың бір мектептерінде бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ кейінге қалдырылғанын, ал кейбір мектептерде сабақ өткені талқыланды. Барлық мектептер үшін бірдей тәртіп неге енгізілмейді?
Жансая Нұрғожаева, Астана қаласы
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, елорданың білім беру мекемелерінде сабақты кейінге қалдырудың өлшемдері белгіленген. Әр мектепте әрқалай тәртіп деген – бекер сөз. Мәселен, 1-4 сынып оқушылары үшін 25 градус аяз және күшті жел болғанда сабақ өткізілмейді. 30 градустық аяз кезінде 5-9 сыныптар үшін сабақ кейінге қалдырылады. Ал аяз 35 градусқа дейін күшейген кезде жоғарғы сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттерінің сабағы тоқтатылады. Қолайсыз ауа райына байланысты оқу процесінің уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлама «31 арна», «СТВ», «Хабар», «Еуразия бірінші арнасы», «Қазақстан» телеарналарынан ертерек беріледі. Сондай-ақ Астана әкімдігінің ресми сайтынан және 118, 169 байланыс желілерінен білуге болады. Өткізілмеген сабақтар қосымша сағаттар есебінен игеріледі.
Аязды күндері сабақты тоқтатудың белгіленген өлшемі бар ма?
Последние статьи автора