Аяқ киім кейде арзан немесе сапасыз жасалғандықтан ауа өткізбей иістенуі мүмкін. Алайда кез келген нәрсенің шешімі бар. Аяқ киімнің иісін кетіру үшін қарапайым ас содасы қажет.
Процесске кіріспес бұрын аяқ киімді тазалап жуыңыз.
1. Ас содасынан 1 қасық алып әр бәтеңкеге салып 1 түнге қалдыру қажет.
2. Ертеңгілік соданы тазалап аяқ киімді спиртпен сүртіңіз.
2 әдіс
Аяқ киім иісін кетіру үшін талькті де қолдануға болады.
Тальк - медицинада және техникада қолданылатын ақ минерал ұлпасы.
Талькті де дәл сода секілді қолданасыз. Тальк жағызсыз иісті бойына сіңіргіш қабілетке ие.