Аяқ ауыстыру отасы жасала ма?

Жақын туысым оқыс оқиғаға тап болып екі аяғынан айырылды. Медицина­лық мүмкіндіктеріміз адамның ағза мүшелерін ауыстыруға қол жеткізгенін естіп жатырмыз. Айтыңыздаршы, аяқ ауыстыру отасы жасала ма?
Мейірхат СЕМБАЙҰЛЫ,
Алматы
Расында, еліміздің медициналық мүм­кіндіктері жыл санап дамып келеді. Қазіргі кезде өзімізде жүрек, бүйрек, бауыр ал­мастыруға шамамыз жете бастады. Аяқ ауыстыру ісі – әлемде енді ғана қолға алын­ған шаруа. Испания дәрiгерлерi адамның екi аяғын бiрдей ауыстыру отасын жасаған. Бұл – бұрын-соңды жасалмаған операция. Пед­ро Кавадас бастаған бiр топ дәрiгер бұған дейiн адамның бетiн, жақ сүйегiн, өзге де мүшелерiн трансплантациялаған. Ал бұл операцияға дәрiгерлер былтырғы жылдан бастап дайындалыпты. Халық­аралық трансплантология қауымдастығы испандық хирургтерге бұл операцияны жасау­ға рұқсат еткен.
Адамға екi аяқты қайта жалғап тiккен­нен гөрi кәдiмгi протездердi салу әлде­қай­да оңай әрi қауiпсiз екен. Алайда ис­пан­дық дәрiгерлер протез салуға келмейтiн адамға донор тауып, екi аяғын ауыстырып салып берген. Трансплантациядан соң ағза қалпына келуi үшiн ұзақ уақыт керек. Өзге бiреудiң аяғы ағзамен бiтiсiп кетуi үшiн бiрнеше ай қажет. Тiрек функциясы қалпына келуi үшiн де бiраз уақыт кететiн көрiнедi.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста