Ағзадағы артық суды шығарудың жолы қандай?

Ағзада судың шамадан тыс көп болуы ісінуге, көз астының дорбаланып, салмақтың артуына әкеледі. Аяқ та ісініп, аяқ киім тар болып сезіледі. Қолдың саусақтары да ісінеді. Мұның бәрі адамның тынышын кетіріп, мазасын алады. Ағзадағы артық судан қалай арылуға болады?
Артық су қайдан пайда болды?

 

Ағзадағы судың мөлшерден тыс болуы денсаулықта кінәраттың барын білдіреді. Мүмкін, бүйрек өз жұмысын жақсы атқармайтын шығар. Немесе, жүрегіңіз сыр бере бастаған. Әрине, дәрігерге қаралу керек. Бірақ, көп жағдайда дұрыс тамақтануды жолға қойып, тұзды шамадан тыс жеуден тартынғаныңыз керек.

Су жиналуының себептері:

1. Судың жетіспеушілігі. Күніне 2 литрден кем емес су ішу керектігін бәрі де біледі. Алайда, мұны орындайтындар аз. Тәулік нормасын орындау үшін, ми ағзаға суды жинау туралы сигнал береді. Қасыңызға бір құты таза суды қойып, күні бойы соны ішіп жүруге тырысыңыз. Аз аздан, бірақ жиірек ішіңіз. Екі аптадан соң ағза үйреніседі де, артық суды жинауды тоқтатады.

2. Несеп айдағыш шырындар. Алкогольдің (оның ішінде сыра) несеп айдағыш әсері өте мол. Сонымен қатар, шай, кофе және газдалған сусындар да осындай қасиетке ие. Көп жағдайда аталған сусындар ағзаны құрғатып жібереді. Зерттеу көрсеткендей, ағза артық суды ісік секілді сақтайды. Сондықтан, көп жағдайда таза су ішуге тырысыңыз.

3. Тұздың артық мөлшері. Тұздың бір молекуласы судың 20 молекуласын байланыстырады да, май жасушаларында көрінбей қалады. Содан соң, олар үлкейеді де, артық салмақ жинала бастайды. Сонымен қатар, зиянды тұзды шығару үшін ағзаға қосымша су қажет болады. Жол бітеледі де, ісік тарқамайды. Сол себепті, тұзды тағамдар, әсіресе, чипстер, тұзды балық, сыраға арналған жаңғақтарды мейілінше азырақ пайдаланыңыз.

4. Түнге қарай су ішу. Сағат кешкі 20.00-ден соң ішкен су бүйрекке салмақ түсіреді де, таңертең бетіңіз ісіп кетеді. Судың көп бөлігін кешкі сағат 6-7-ге дейін ішуге тырысыңыз. Өзіңіздің тамақтану салтыңызға мән беріңіз. Мүмкін, өз қателіктеріңізді байқамай жүрген шығарсыз. Айтпақшы, суды ағзадан тез шығаруға арналған дәстүрлі әдістер де бар.

Ағзадан суды шығаратын тағамдар:

1. Жаз кезінде қарбыз жеген пайдалы. Ол тек суды шығарып қоймай, бүйректі тазартып, қызметін жақсартады. Ағзадағы суды шығаруға қауын мен қияр да көмектеседі. Аптасына бір рет күніңізді тек қарбыз немесе қияр жеуге арнаңыз. Нәтижесін алғашқы күні-ақ көресіз.

2. Көктем кезінде қайың шырынын ішкен дұрыс. Ол ұлпадағы шлактар мен тұзды шығарады. Бұл өте пайдалы шырын және оны күніне үш стаканнан ішкен жөн.

3. Көк шай мен каркадэ де жеңіл несеп айдағыш сусындар ретінде танымал. Қара шайға қарағанда, көк шайды көбірек ішуге де болады.

4. Күріш және сұлы ботқасы да суды жақсы шығарады. Күріште натрий көлемі аз (ал натриде су көп) және тұзды шығаратын калий көп. Кәсіби спортшылар маңызды жарыс алдында арнайы диета қолданып, бірнеше күн бойы тұзсыз күріш ботқасын ғана жейді.

5. Балғын жеміс-жидек пен көкөністерде тұз жоқ. Сондықтан, жеміс-жидекті көп жесеңіз, тұздың тепе теңдігі сақталады. Қызылша мен орамжапырақ ісінуге қарсы құралдардың бірі.

6. Ағзадағы тұзды шығаратын, құрамында калий көп тағамдарды көп пайдаланыңыз: асқабақ, орамжапырақ, кәді, алма, өрік және кептірілген жемістер.

Ағзадағы артық суды қалай шығару керек

Ағзадағы суды шығаруға сауна немесе монша көмектеседі. Артық су сол кезде шығады. Саунаға жиі барып тұру арықтауға да көмектеседі.

Дене жаттығулары метаболизмді тездетіп, денедегі сұйықтықты тер арқылы шығаруға көмектеседі. Аяқтың ісінуіне жаяу аяң жүріс, жүгіру, аэробикалық жаттығулар, велосипед тебу де жол бермейді.

Күніне 1-2 сағат аяқты жүрек тұсынан жоғары көтеріп қоюдың да көмегі көп. Мысалы, диванда жатқанда аяқ астына жастықты қойып қойыңыз. Сол кезде табандағы ісік тез қайтады. Бұл күні бойы отырып жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы.

Егер жағдай өте қиын болып, ағзадағы суды дереу шығару қаже болса, несеп айдайтын препараттар - «Фуросемид», «Торасемид», «Диувер», «Этакриновая кислота», «Диурсан» және басқаларын қабылдаңыз.

Алайда, бұл дәрілерді де шамадан тыс қабылдамаңыз. Ағзадан суды шығаратын таблеткалар ұлпадағы кальций, калий және магнийді өзімен бірге алып кетеді. Сондықтан, аталған препараттарды тек дәрігердің рұқсатымен қабылдаңыз. Алайда, ең дұрысы табиғи несеп айдағыштарды қабылдаған. Оның ішінде шөптің алатын үлесі зор. Шөп жиынтықтары жұмсақ әрі ағзаға қауіп төндірмейді.

Ағзадан суды шығаруға арналған шөптер мен тұнбалар:

1. Қайың жапырақтарынан дайындалған тұнба. Ұсақталып, кептірілген жапырақтар кез келген дәріханада сатылады. 2 ас қасық құрғақ жапырақты ыстық суға салып, 30 минут бұқтырыңыз. Тұнбаға пышақтың ұшымен ғана ас содасын қосыңыз. Күніне үш рет 1 шай қасықпен ішіп тұрыңыз.

2. Итмұрын немесе бүлдіргеннен дайындалған шай: құрғақ жидектерді әдеттегі шай секілді шығарыңыз да, күніне жарты кеседен 2-3 рет ішіңіз.

3. Аскөктің тамыры да мықты несеп айдағыш болып есептеледі. 1 ас қасық тұнбаны ыстық суға қосыңыз да, жарты сағатқа қалдырыңыз. Күніне үш реттен 1 ас қасықпен ішіңіз.

4. Алманың құрғатылған қабығынан компот қайнатып, күніне 5 рет жарты кеседен ішіп тұруға болады.

Егер сіз жоғарыда айтылған әдістердің бірін қолданып, олардың пайдасын көрмесеңіз, көңіліңізге кірбің түспесін. Бір заттың барлық адамға бірдей әсер бермейтінін де ұмытпаған абзал. Әртүрлі әдістерді қолданып, өзіңізге лайықтысын табыңыз. Мүмкін, қайың тұнбасы мен итмұрыннан жасалған қоспа сіз үшін өте пайдалы болатын шығар.

Керек кеңес confederation.kz сайтынан алынды.
 ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста