Агреман деген не?
Дипломатияда көп қолданылатын агреман сөзінің мағынасын ашып берсеңіздер екен.
Ершат АҒАБАЙ, Алматы
Агреман – (фр. agrйment – келісім, мақұлдау) – бір мемлекет тарапынан дипломатиялық лауазымға тағайындаған тұлғаны қабылдаушы келесі ел билігінің келісім беруі. Агреман жолдаған дипломатиялық қызметке үміткер тұлғаның өмірбаянын, басқа да жеке мағлұматтар жібереді. Агреман жолдаушы мемлекеттің Сыртқы істер министрлігі арқылы тек дипломатиялық өкілдіктің басшысынан ғана жазбаша түрде рұқсат сұратылады. Агреман жөнінде жазбалар жария етілмеуі тиіс. Агреман қабылдаушы ел бас тартқан жағдайда дипломатиялық өкілді жолдаушы мемлекеттің оны түсіндіруді талап етуге қақысы жоқ. Кейбір елдердің дипломатиялық тәжірибесінде агреманды ауызша сұратып, оған ауызша жауап алу фактілері ұшырасады. Егер агреман берілсе, онда дипломатиялық өкілдіктің басшысы қызметіне үміткер – persona grata (персона грата, яғни қалаулы тұлға), ал агреман беруден бас тартылса, осы қызметке үміткер – persona non grata (персона нон грата, яғни қалаусыз тұлға) болып танылады.