Африка – мемлекеттер саны ең көп құрлық
Жер бетіндегі әрбір құрлықта қанша мемлекет бар? Қай құрлықта ең көп мемлекет орналасқан?
Саяжан Арзыбаева, Алматы облысы
Африка құрлығында 57 мемлекет бар, оның үшеуі – өзін-өзі тәуелсіз ел деп жариялағандар мен тәуелсіздігі танылмаған елдер.
Азия құрлығында толықтай немесе жарым-жартылай көлемде 54 мемлекет, соның ішінде төрт ел – Абхазия, Тайвань, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Оңтүстік Осетия ішінара танылған. Азия мен Еуропаны жалғап жатқан Ресейдің 22 пайызы, Қазақстанның 12,5 пайызы, Түркияның 4 пайызы, Әзірбайжан мен Грузияның 5 пайызға дейінгі бөлігі Еуропа құрлығында орналасқан. Солтүстік Америкада – 23 мемлекет, ал Оңтүстік Америкада 14 мемлекет орын тепкен.
Кәрі құрлық Еуропаны 43 мемлекет ен жайлап жатыр. Еуропадағы төрт елдің тәуелсіздігі толықтай танылмаған.
Жасыл құрлық Австралия – өз алдына бөлек материк және жеке мемлекет.