Әдістемелік бөлім меңгерушісінің жалақысы қалай есептеледі?

Аудандық білім бөліміне қарасты мектептен тыс мекемеде жұмыс істейтін жоғары білімді бұқаралық бөлім меңгерушісі мен жоғары білімді әдістемелік бөлім меңгерушілерінің айлық жалақысы қандай G - мен есептелінеді?
Нұрлан ИСАБЕКОВ, Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы тө­леу басқармасының сарапшы маманының мә­ліметінше, азаматтық қызметшілерге ең­бекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қыз­мет­кер­ле­ріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қау­лы­сы­мен (бұдан әрі – Қаулы) реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауа­зым­да­ры­ның лауазымдар санаттарына жат­қы­зы­луы­на және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разряд­та­ры­на (жұмысшылар үшін) қарай лауа­зым­дық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бел­гі­ле­ген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен ай­қын­далады.
Азаматтық қызметшілердің (білікті жұ­мысшыларды қоспағанда) санаттар бойын­ша лауазымдарының тізілімі Қаулыға 1-қосымшамен бекітілген.
Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құ­райды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданылатын коэффициенттер Қаулыға 2-қосымшамен бекітілген.
Осыған орай, аталған лауазымдардың нақ­ты санатын анықтау үшін ұйымның ұйым­дастыру-құқықтық нысанын, құры­лы­мын анықтау қажет.
Аталған Қаулы министрліктің веб-сайты «Нор­мативтік құқықтық база» айдарында орналастырылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста