Әдістемелік бөлім меңгерушісінің жалақысы қалай есептеледі?
Аудандық білім бөліміне қарасты мектептен тыс мекемеде жұмыс істейтін жоғары білімді бұқаралық бөлім меңгерушісі мен жоғары білімді әдістемелік бөлім меңгерушілерінің айлық жалақысы қандай G - мен есептелінеді?
Нұрлан ИСАБЕКОВ, Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметінше, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдарының тізілімі Қаулыға 1-қосымшамен бекітілген.
Бүгінгі күні БЛЖ мөлшері 17 697 теңгені құрайды.
Лауазымдық жалақыны есептеуде қолданылатын коэффициенттер Қаулыға 2-қосымшамен бекітілген.
Осыған орай, аталған лауазымдардың нақты санатын анықтау үшін ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысанын, құрылымын анықтау қажет.
Аталған Қаулы министрліктің веб-сайты «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылған.