Адамды клондау – өте күрделі мәселе

Адамды клондау – өте күрделі мәселе

Адам баласын қолдан жасау тәжірибеде жасалып жатыр деп естідім. Сол рас па?
Зарина ДҮБІРБАЕВА,
Арқалық қаласы
Ғылым әлемінде мұндай тәжірибе жасалып жатқаны рас. Адамның егізін немесе сыңарын медицинаның соңғы технологияларын пайдалана отырып қолдан жасауды клондау деп атайды. Адамды клондау өте күрделі мәселе екені айтпаса да белгілі. Мәселен, аталық ұрықтан екі ұл немесе аналық ұрықтан екі қыз, яғни бір эмбрионнан бір-бірінен айнымайтын егіздер дүниеге келеді. Ал енді баланың өзінен айнымайтын сыңарын биология ғылымының жетістігінің арқасында дүниеге келтіру — таңғажайып оқиға. Адамды клондау көп уақытты қажет етеді. Бір клонды жасау үшін жүз әйелдің аналық ұрығы, әр әйелден он ұрықтан алғанда мың ұрықтан бір ұрық қана клонның пайда болуына жарамды болады екен. Әйелдердің аналық ұрығынан гендерін алып тастап, тапсырыс берген әйелдің клеткасынан гендерін алып, жатырға салады. Содан кейін қалыпты процесте дами отырып,  тоғыз ай бойы ана құрсағында жетілген бала қажетті адамнан айнымай дүниеге келеді. Дегенмен мұндай тәжірибе өте қымбат тұратындықтан, халықтың басым бөлігі үшін қол жетпес қиял ғана болары сөзсіз. Оның үстіне батыстың өркениетті елдері мұндай тәжірибеге заң жүзінде қарсылық  білдіріп отырса, ислам елдері де діни тұрғыда адамды қолдан жасау күнә деп есептейді. Тағы бір айта кетер жайт – клон адам тез қартайып, 25-30 жылдан артық өмір сүрмейді деген де болжам бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста