Адам жүйкесіне түс қалай әсер етеді?

 Қазір үй ішін әрлеу мен дизаиндық жағынан әдемілеу қалыптасқан дәстүрге айналды. Тіпті әр бөлмеге қойылатын кез-келген зат, төсек орын, перде, тағы басқа да керек-жарақтар талғамға байланысты сатып алынады. Оның ішінде картиналар мен құмыралар, гүлдер және басқа да сувенирлік заттар бар. Бірақ оларды түсіне қарап қайда қоюға болады?

Бұл туралы мамандар былай дейді:

1.Қызыл түс

Жүйке-жүйені қоздыратын түс болып есептеледі. Адам ағзасының барлық жүйе қызметін тез жұмыс істетіп, жүрек қағысы мен тыныс алу ырғағын жеделдетеді. Қызылға ұзақ қарау адамды қажытып жібереді.

Қайда қойған қисынды: жұмыс кабинетіне, қонақ бөлмеге, кей жағдайда жатын бөлмеге.

Қызғылт сары түс
Күш-қуатты арттырады, жайлы атмосфераны қалыптастырады, жылулық пен өмірге құштарлықты оятады.

Қайда қойған қисынды: қонақ бөлмеге, ас бөлмеге, суға түсіп сергуді ұнататындар үшін ваннаға.

Көк түс
Жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, адамның толқуына ықпал етеді. Бөлмені сергітіп, бірқалыпқа түсуге септігін тигізеді.

Қайда қойған қисынды: Жатын бөлмеге, ванна бөлмесіне, балалар бөлмесіне қоюға жарасымды.

Сары түс
Адамның көру қабілетін арттырады. Назар аудартып, қуат бітіреді.

Қайда қойған қисынды: ас бөлмесі, кіреберіс пен қонақ бөлмеге.

Жасыл түс
Миға түсетін салмақты, ауруды азайтады. Бөлмеге әдемі леп әкеледі.

Қайда қойған қисынды: ашық түс ас бөлмесіне жарасымды. Өсімдік майына ұқсас түс жататын бөлмеге, көгілдір түсті балалар бөлмесіне қойған жөн.

Алқызыл түс
Әйелдер үшін өте әдемі түс. Нәзіктік пен сезімталдықты арттарады. Өзіңе деген сенімді қалыптастырады.

Қайда қойған қисынды: қыздар жататын бөлмеге, ал қонақ бөлмесіне таңқурай түстесін таңдаған жөн.

Күлгін түс
Жүйкеге ауыр тиетін, өз ерекшелігі бар түс. Ол жасыл түспен араласқанда энергиялық қуат беріп, оптимистік үйлесімділікті қалыптастырады.

Қайда қойған қисынды: күлгін түсті төсекжапқыштарды қыздар жататын бөлмеге, ашықтау түсін үйдің кіреберісіне қойған ыңғайлы.

Қара түс
Адамның жүйкесіне өте жағымсыз әсер етеді әрі тұйықталуға себепші. Бірақ ол басқа да түстермен қалай үйлесетіні, оны таңдау адамның өзіне байланысты. Қайда қойған қисынды: Қара басқа түстермен араласқанда оны қонақ бөлмеге, жұмыс кабинетіне қоюға болады.

Ақ түс
Адамның көңіл-күйін көтеретін түс. Жақсы энергия береді. Бұл түс жеңіл сезімді, тазалықты байқатады.

Қайда қойған қисынды: кез-келген жерге, басқа да түстермен араласса да қоюға болады. Ол тұрған жерін кеңейтіп көрсетеді.

Жолдасбек Дуанабай

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста