Адам танығың келсе – сөйлес!

Рухани деңгейдің үш сатысы – сөйлеу мәнерінің үш деңгейі. Әр адамның деңгейі әр түрлі. Ежелгі заманда Сократтың өзі «Мен сені танысын десең, әңгіме айт» дейтін көрінеді. Себебі, әңгімесінен адамның болмысы байқалады екен. Сөйлем құрауынан, сөзді ұтымды қолдануынан, дауыс ырғағынан, сауатты сөйлеуінен және т.б. ұсақ-түйектерге қарап тұрып адам танылады екен. Орыстарда «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген сөз бар. Адамның ақылын сөзіне қарап танығандықтан айтылған сөз болса керек.
Кей адам сұлу да сымбатты, үлде мен бүлдеге оранып өмір сүреді. Кей адам қарапайым көйлек киіп, сұлу болмауы да мүмкін. Акдемик Лосев секілді лагерьден қалған буршлат пен ішкиіммен жүре беруі де ықтимал. Дегенмен екі ауыз сөзінен-ақ адамның рухани деңгейі қандай екенін білуге болады. Себебі, рухани деңгейі сөйлеу мәнерінен байқалады екен.
Ең жоғарғы деңгейдегі адамдар байсалды, салмақты түрде сөйлеседі. Сөзі анық та түсінікті. Ол «жылы» сөзді көп айтады. Сөз арасында мақал-мәтелді, салыстыру, метафораларды көп келтіреді. Сондықтан оны тыңдау әрдайым қызық. Мұндай адам ешкімнің намысына тимейді, кемсітпейді. Ол дөрекі сөз бен өткір сөзден аулақ болады. Алайда үнемі шындықты айтады. Мұндай адам ылғи сөзін қалжыңға жықтырады. Көбіне өз-өзін әжуалайды. Күліп әңгімелейді. Мұндай адаммен сөйлескен соң жаның рақаттанады. Жақсы кино көргендей, әуезді күй тыңдағандай боласың. Бұрын білмеген бір құпияны білесің, жан дүниеңде ерекше бір тыныштық орнайды. Сөзімен күш сыйлағандай. Мұндай адамдар өте сезімтал. Оларды біреу боқтаса, бейпіл сөз айтса, ауырып қалады. Жаны ауырады. Тәні дертке шалдығады.
Екінші деңгейдегі адамның сөз сөйлеуі өте белсенді әрі қуатты. Оқтаулы ақберен дерсің. Кейде тіпті шектен шығады. Ол әр түрлі тақырыпта сөйлесе біледі. Көбіне ақша, саясат, қарым-қатынас, денсаулықты сөз етеді. Өзінің ойын білдіреді, дауласады, сенің айтқаныңды жоққа шығаруы да мүмкін. Мұндай адам қалжыңды жақсы көреді. Әсіресе, өзгені келемеж еткенді. Өзгені әжуалаған өте күлкілі көрінеді. Мұндай адам сынағанды ұнатады. Ал өзін сынағанды ұнатпайды. Бірден ашуланып, дөрекі сөз айтуы да ықтимал. Секс туралы оңай сөйлеседі. Өзінің осы тақырыптағы жетістігін көпшілікте айта береді. Мұндай адаммен сөйлескен соң шаршап қаласың. Әрине, оның айтқаны қызық, бірақ тым көп сөйлейді.
Рухани деңгейдің үшінші сатысы – бейпіл сөз бен дөрекі сөзден тұрады. Мұндай адам тәуір сөзді әрең іріктейді. Бірдеңе айтқысы келсе, сөздік қолданысында сөз жетіспей тұрады. Дегенмен, боқтампаз. Боқтық сөзді көп біледі. Қалжыңының бәрі өлім мен зорлық, опасыздық пен секске қатысты боп шығады. Бұл тақырыптарда небір әңгімені біледі. Үнемі жұртты сөз қылады, естіген өсек-әңгімесін елге таратып айтып жүреді. Өтірік өсекті қосып айтады. Әңгімесінен қызғаныш, көреалмаушылық, шағым мен арыздануды ғана естисің. Аузын ашса – бөлменің ішін жаман сөз мүңкітіп жібереді. Мұндай қоқсық шелектің жанында отыру мүмкін емес.
Рухани деңгейдің үш сатысы осындай. Мұны адамның сөзінен танисың. Өзіміз де бір сатыдан екіншісіне қарай өсуіміз мүмкін. Тіпті бір күннің ішінде құбылып кетуіміз де ықтимал. Үшіншісіне қарай төменшіктесең, қайтып жоғарылау қиын. Сондықтан академик Лихачев түрмеде боқтап сөйле деп ұрғанда да боқтық сөз айтпаған екен. Төмендеп кету өте оңай екенін түсінген. Төмендеген сайын ақылыңды, тәрбиеңді, тіпті жаныңды да жұтатып аласың.
Рухани дамыған адамдар сөзбен-ақ емдейді екен. Рухани өспеген адам сөзімен өлтіріп тастайды. Өзгелерді улы сөзімен шағып алады. Рухани жетілген адамдар ұзақ жасайды. Сирек ауырады. Бұл белгілі жайт. Сөз өзгені емдейді, адамның өзін де емдейді. Сондықтан рухани сатымен жоғары жүруге ұмтылу қажет. Сөйлеп үйрену абзал. Сонда өмір жасың ұзақ, өмірің мәнді бола түспек. Жақсы сөз – жарым ырыс.
Автор: Анна Кирьянова
Аударған Шынар Әбілдә

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста