Қазақ тарихында көптеген ұлт-азаттық көтеріліс болды. Соның бірі – Адай көтерілісі. Сіздердің газеттеріңізден Адай көтерілісі туралы мағлұмат алғым келеді.
Бердімұрат БАЙЗАҚҰЛЫ, Батыс Қазақстан облысы
Ресми тарихи деректер бойынша, Қазақстандағы ұжымдастырудың ірі трагедияларының бірі Адай көтерілісінің орталығы Маңғыстауда болды. 1925 жылы Қазақстанға келген бетте-ақ Голощекин күн тәртібіне ауылды кеңестендіру ұранын төтенше қойған. Қазақ ауылын кеңестік жолмен дамытудың ақылға сыйымды балама жолдарын ұсынған С.Сәдуақасов, С.Қожанов, С.Меңдешев тәрізді азаматтардың пікірлеріне құлақ аспаған Голощекин Маңғыстау тәрізді саясаттан іргесі аулақ жатқан оқшау аймақтарда да бірлесіп мал бағу серіктестіктерін біріктіруді көздеді. Мұндай төтенше әрекетті көшпелі өмірге әбден көндіккен төңірек қолдай қоймады. Қазақстанның ОГПУ органдарының 1930 жылы қазан айында контрреволюциялық ұйым туралы аңызды ойлап шығаруы жағдайды ушықтыра түсті. 7700 шаруа қожалығынан тұратын Маңғыстау ауданында 1931 жылы шілдеде халықтың 60 пайызы көтеріліске шықты. Адай даласына самсаған әскер түсіріп жатқанын көрген көтерілісшілер кәсіпшіліктерге, кооператив ұйымдарына, дайындау пункттеріне әділетсіз өкімет ошақтары деп қарап, жиі-жиі оларды талқандап, өртеп кетті. Бұл оқиға кезінде 600-800 адам топтасқан көтерілісшілер қолдары жасақталған.
Адай көтерілісі – азаттық күресі
Последние статьи автора