Абыралы көтерілісі – елдік пен ерлік белгісі

Абыралы көтерілісі – елдік пен ерлік белгісі

Отаршылдық тұсында қазақ даласында көптеген ұлт-азаттық көтеріліс болғаны аян. Тәуелсіздік жолында бабаларымыздың бастары бәйгеге түскен Абыралы көтерілісі туралы білгім келеді.
Динара ӘБІЛҚАЙЫРҚЫЗЫ,
студент
1931 жылы ақпанда басталған Абыралы көтерілісі бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданында болды. Көрші жатқан Шыңғыстау, Шұбартау, Қарқаралы, Қу аудандарындағы өз­де­ріне ниеттес азаматтармен бай­ланысқа шығып, оларды көтеріп, кү­ресті бірге өрбітуге талпынған. Көтеріліс алғашқыда Ұзынбұлақ, Тайлан, Ақбұлақ, Бөрілі, Мыржық, Дегелең ауылдарында басталып, кейін бірінен кейін бірі барлық ауыл қостаған. Жалпы, 3500-ге тарта адам атқа қонып, қарулы қақтығыс­тарға қатысты. Жазалаушы отрядтар­мен болған шайқастар кезінде 60 адам оққа ұшып, 171 адам үштік сот­тың шешімімен атылған, 183 адам 10 жылдан астам уақытқа сот­талып, Сібірге айдалды. Мыңдаған адам қуғын-сүргінге ұшырап, ше­телдер мен еліміздің әр тараптарына босып кетеді. Одан кейін елімізді жаппай жайлаған аштық салдарынан аудан халқы аштыққа ұшырап, халық­тың үштен бірі ғана қалған. 1937-38 жылдардағы халық жаула­ры­нан тазарту мен Отан соғысының зоба­лаңы келіп, елді мүлде тұрала­тып тастады. Ел енді есін жия берген­де, 1949 жылы КСРО-да ең алғаш рет сутегі атом бомбасы осы аудан­дағы Дегелең тауында сынақтан өткізіл­ген. 1954 жылы халқы жан-жаққа көшіріліп, Абыралы ауданы біржола­та таратылды, жері сынақ полигоны­на айналдырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста