Абонент төлемі қымбаттайды

Абонент төлемі қымбаттайды

Келесі жылдан бастап ай сайынғы абоненттік төлемнің ақысы қымбаттайды деп естідік. Сол жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет бере аласыздар ма?Марат Қырықбаев, Ақтау қаласы

Қазақстанның ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» АҚ келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап халықаралық телефон байланысы тарифін төмендетіп, оның орнына ай сайынғы абонент төлемі бағасын көтереді. Бұл туралы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бұйрық шығарған. Сол бұйрыққа сәйкес, халықаралық байланысқа қосылған жеке тұлғалар үшін тариф төмендетіледі. Нақтырақ айтқанда, төртінші тариф аймағындағылардікі (601-ден 1000 шақырымға дейінгі) 5 пайызға, ал бесінші тариф аймағындағылардікі (1001 шақырымнан жоғары) 7 пайызға төмендейді. Яғни байланыс интервалының әрбір толық және толық емес 10 секундының қосымша құн салығынсыз құны 1,316 және 1,397 теңгені құрайды. Ал жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін халықаралық байланыс тарифі өзгермейді.

Сонымен қатар тарифтерді біріздендіру мақсатында жүргізілген шаралар бойынша келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғаларға арналған ай сайынғы абонент төлемі қалалықтар үшін 18 пайызға, ауыл-аймақтағылар үшін 30 пайызға қымбаттайды. Яғни ай сайынғы абоненттік төлем жергілікті телефон байланысының уақтылы төлем жүйесіне қосылмаған жеке тұлғалар үшін қалалықтар қосымша құн салығын қоспағанда – 520 теңге, қосарланған телефондар үшін – 407,10 теңге, ауылдықтар қосымша құн салығын қоспағанда – 345,25 теңге, ал қосарланған телефон байланысына 289,42 теңге төлейді.

Ал жергілікті телефон байланысының уақтылы төлем жүйесіне қосылған жеке тұлғалар қалалық жерде 257,83 теңге, қосарланған телефон үшін 181,84 теңге төлейді. Сондай-ақ қалалық және ауылдық жерлердегі жеке кәсіпкерлер үшін ай сайынғы абоненттік төлем 10 пайызға қымбаттайтын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста