Абайдың портретін салған кім?
Абайдың көзі тірісінде суретін салған суретшілер болған ба? Болса, ол портрет қайда сақталған?
Еркін ЖАҚЫПБЕК, Ақмола
Абайдың көзі тірі кезінде салынған жалғыз портреті бар. Оны 1887 жылы Абайдың орыс достарының бірі П.Д.Лобановский салған. П.Д.Лобановский Ресейде өтетін жәрмеңкеге «Семей облысындағы қазақтардың типтері» атты портреттер топтамасын дайындаған болатын. Осы топтаманың №6 суреті – Абай суреті. Суреттің астында «Почетный киргиз Ибрагим Кунанбаев Чингизской волости Семипалатинского уезда. 45 лет от роду. Состоит членом областного статистического комитета» деген жазу бар. Бұл топтама Семей қаласының өлкетану мұражайында сақталып келген. 1964 жылы Мәдениет министрлігінің арнайы бұйрығымен Абай мұражайының қорына берілді.