Әл-Фараби даңғылы бойында орнатылған, көлік құралдарының жылдамдығын реттейтін «60», «70», «80» деген жол белгілері қазіргі уақытта жоқ. Бұл жол белгілері неліктен алынып тасталған? Енді әл-Фараби даңғылымен автокөліктердің қандай жылдамдықпен қозғалуына рұқсат етіледі?
Елдос РАХЫМҚҰЛОВ, Алматы қаласы
Бұл сауалға Алматы қалалық ІІД Жол полиция басқармасы бастығының орынбасары Е. Құсайынов жауап береді:
– Бүгінгі таңда әл-Фараби – Достық, әл-Фараби – Фурманов, әл-Фараби – Жароков көшелері қиылысында жол айрығын салу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары жеке учаскелерде жол қозғалысының ұйымдастыруын өзгертуге мәжбүр етті. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, сараптама жасалып, жаңа жол қозғалысын ұйымдастыру жоспарына сәйкес жол белгілері Қазақстан Республикасының Стандарттарына және СНиП-ке сай қайтадан орнатылады.
Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің 10.2 пунктіне сәйкес, егер жылдамдықты шектейтін жол белгілері болмаса, елді мекендерде көлік құралдарының 60 шақырым/сағаттан артық емес жылдамдықпен қозғалуына рұқсат етіледі.
60-тан асыруға болмайды
Последние статьи автора