5781 жылды қарсы алатындар бар...

5781 жылды қарсы алатындар бар...

2020 жыл тарих табалдырығын аттады. Төрт жылда бір қайталанатын кібісе жыл, яғни бір күні артық, 366 күнмен аяқталатын жыл келеді. 

Ежелден бері адамдар түрлі күнтізбелерді тұтынып келгені белгілі. Бүгінде әлем халықтарының барлығы дерлік жылды Григорий күнтізбесі бойынша есеп­тейді. Сонымен қатар оны тұтынбайтын, сондай-ақ өздерінің қалыптасқан жыл есептеуін Григорий күнтізбесімен қоса пайдаланатын елдер де бар. 

Мысалы, Солтүстік Кореяда Чучхенің 108-шы жылы басталады. Яғни оларда күнтізбе елді 1948-1994 жылдар аралығында басқарған Ким Ир Сеннің туған жылынан (1912) бері қарай есептеледі. 

Ал Жапонияда биылғы мамыр айында таққа отырған жаңа император – Нарухитоның құрметіне жарияланған «Рэйва» («Тәртіп пен үйлесім») дәуірінің 2-ші жылы басталады. (Бұл елдегі жыл санаудың ерекшеліктері жөнінде біз газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде жазғанбыз. Оларда әр императордың дәуір атауы бар. Мысалы, 1989 жылы таққа отырып, биыл одан өз еркімен кеткен император Акихитоның дәуірі «Хэйсэй» («Бейбітшілік орнату») деп аталды. Акихито хэйсэйдің 30-шы жылында биліктен кетті).

Мұсылман күнтізбесі бойынша (Хижра, Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға қоныс аударған кезінен есептеледі) қазір 1441 жыл жүріп жатыр. 2020 жылдың 20-тамызы – 1-мұхаррамға тура келеді, сол күннен 1442 жыл басталады. 

Иранда жаңа жыл наурыз айынан бастап есептеледі. 22-наурыз – жыл басы. Бұл мұсылман елінде де күнтізбе Хижра жыл санағынан басталады. Бірақ ол мұсылманша ай күнтізбесінен бөлекше, тропикалық күн уақытымен есеп­теледі. Иранда алдағы наурызда 1399 жыл басталады. 

Ал еврейлердің күнтізбесі бойынша жаңа, 5781 жыл (Рош Ха Шана) 2020 жылдың 19-қыркүйегінде (1-тишрей) келеді. Қазір ол күнтізбе бойынша 5780 жыл жүріп жатыр. 

Будда күнтізбесін тұтынатын Тайланд, Лаос, Камбоджа, Мьянма, Шри-Ланка елдерінде 2563 жыл басталады. Оларда жылнама Будда Гаутаманың нирванаға (өмірге келу айналымынан арылу) кеткен күнінен бастау алады. Ол Григорий күнтізбесінен 543 жыл алда жүреді. 

...Міне, осындай күнтізбелер де бар екен. Ал Қазақстан тұрғындары үшін Жаңа жыл 1-қаңтар деп қалыптасқанымен Жыл басын біз күн мен түн теңе­летін, астрономиялық көктем келетін 22-наурызда қарсы аламыз. 

Н. ӘБДІ.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста