Менің анам бес баланы өмірге әкелген. Бірақ төртінші баласы төрт жасында қайтыс болған. Келесі жылы 53 жасқа толғанда зейнеткерлікке шыға ала ма?
Толғанай, Шығыс Қазақстан облысы
Сарапшы маманның айтуынша, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес, зейнетақы мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.
Заңның 11-бабы бойынша бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдердің зейнеткерлiк жасқа толған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар азаматтарға еңбек өтіліне барабар мөлшерде 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақыға құқығы бар.
Мұнда әйелге жеңілдік беретін шарт – бес баланы туып (асырап алған), сегiз жасқа дейiн тәрбиелеуі. Бұл ретте аталған зейнетақы төлемі жалпы зейнеткерлік жастан бес жыл ерте тағайындалады. Осыған орай, зейнетақы төлемі бір-ақ рет тағайындалады және оны 58 жасқа толғанда қайта тағайындау немесе қайта есептеу қолданыстағы заңнамада көзделмеген.
53 жасқа толғанда зейнеткерлікке шыға ала ма?
Последние статьи автора