11 қыркүйек АҚШ-та қаралы күн болып есептеледі. Соған қарамастан осы күнді атаулы күн ретінде заңға енгізген деседі. Бұл қаншалықты шын?
Біржан Тілеухан, Алматы
Қыркүйек айының 11-і америкалықтардың қара жамылған күні болып тарихта қалды. Алайда 2002 жылдан бері бұл АҚШ-та Патриоттар күні деп атап өтіледі. Ал 2009 жылдан бері АҚШ-тың жалпы заңының 111-13-актісінде бекітілгендей, Жалпыұлттық қызмет ету және еске алу күні болып та аталады. Сондай-ақ бұл күн – бұрыннан Украинада танкі жүргізушілері мен мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ал Испанияда Каталония күні. Оңтүстік Америкада орналасқан Чили елінде 1973 жылдан бері 11 қыркүйек әскери төңкеріс күні ретінде аталып өтіледі.
11 қыркүйек – тек АҚШ-та ғана атаулы күн емес
Последние статьи автора