Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұппен құдаласты

Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұппен құдаласты

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаштың қызына сырға салып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның қайнысы мен әншілердің қызы осылайша екі әулетті туыс қылмақ.

 

“Біз қанша жыл дос болдық, енді құдағи болдық. Қуаныш пен Қарлығаштың қызына алдын ала дәстүр бойынша сырға салып, иелік жасап кеттік. Құтты болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын! Құдалықта маған күшті, ең қымбат бриллиант тақ, жарайды ма?”, – деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

 

Әнші Қарлығаш Сырлыбекова да актрисамен құдағи болғанына қуанышты екенін айтты.

 

“Жұлдызай аяқ асты қызыма сырға салып, жеңгесі болып келіп қалды. Анау-мынау емес, сенімен құдағи боламын деп кім ойлаған? Қызы бар үй болған соң, сырға салып,айттыру деген салт жүреді. Қызға сырға салынғаннан бастап, қыз үйдің қонағы екені сезіледі екен”, – деп жазды Қарлығаш Сырлыбекова.

 

Желі қолданушылары Жұлдызай мен Қарлығашты қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

 

“Жұлдызай өте керемет жан. Қарлығаш қызын беріп, құда болса өкінбейді”, Құтты болсын! Жастар бақытты болсын”, “Жақсы жаңалық екен”, – деп жазды желідегілер.

 

Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш халал балабақша туралы айтып, елдің сынына қалған болатын. Ерлі-зайыптылар үш қыз, үш ұл тәрбиелеп отыр.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста