Дәл осындай атаумен тараған видео әлеуметтік желіні шулатып жатыр. Бұл жолы Қайрат Нұртастың әйелі оңашада бөгде жігітпен құшақтасып, халықтың қызу талқысына түскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Ғаламторда елдің назарын аударған бейнежазбаға зер салсақ, дүйім жұртты дүрліктірген дәл сол видео Жұлдыз Әбдукәрімованың "Ажырасам" деп аталатын су жаңа фильмінің кадрлары екен.
Аталған туындының сценарийі бойынша басты рөлді сомдаған Жұлдыз кинодағы күйеуінің көзіне шөп салып, ұсталып қалады.
Сондай-ақ, әлгі роликте Әбдукәрімованың жүкті екенін айтылады. Бірақ іштегі баланың әкесі өзінің некелі жолдасы емес екені белгілі болады.
Оның көңілдесін "Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабеков сомдаған. Екеуінің оңашада аймаласқан сәті интернетке тарап кеткен.
Күні кеше отандық шоу-бизнестің басын қосқан Жұлдыз Әбдукәрімова "Ажырасам" атты тың туындысының тұсауын кескен. Бұл бас қосуға өмірдегі жолдасы Қайрат Нұртас пен енесі Гүлзира Айдарбекова да арнайы барыпты.
Жұлдыз, құтты болсын, алтыным. Сәтті болсын. Адамдар толы. Кино өте қызықты әрі мәнді деп ойлаймын, — деді Қайрат Нұртас.
Жыладық, күлдік, керемет кино болды. Қаншама еңбек, үйқысыз түндер, армандар, түбірі жоқ мазалаған ойлармен жететін еңбек. Жұлдыз, Алла еңбегіңнің берекетін берсін, — деді Гүлзира Айдарбекова.